Бестерек ауылында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балалардың біріне Үржар аудандық ауруханасында жедел операция жасалды.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы ауыр. Бүгін таңертең Қорғаныс министрлігінің әскери бортымен ауданға барған медициналық бригада жан-жақты көмек көрсетіп жатыр. Бригада құрамында реаниматолог, травматолог және нейрохирург бар. Соңғы ақпаратқа сәйкес, жағдайы ауыр 2 бала Астанадағы медициналық орталыққа жеткізіледі. Балаларды елордаға жеткізуге дайындап жатыр ма?
Рүстем Қайратұлы, тілші:
- Қазір зардап шеккен үш бала аудандық ауруханада жатыр. Кеше мемлекет басшысының тапсырмасымен келген дәрігерлер жағдайы аса ауыр балаға ота жасаған. Аяқ-қолы сынған екі баланы бүгін Астанаға жіберу жоспарланып отыр. Дәрігерлер операция жасалған бүлдіршіннің жағдайы ауыр болып тұр дейді.
Сапарбек Сейітбеков, дәрігер-нейрохирург:
- Естеріңізге салайық, қайғылы оқиға кеше Бестерек ауылында болған. Қоршаудың артында екі үйдің алты баласы ойнап отырған. Оларды жоғары жылдамдықпен келген Тоуота автокөлігі қаққан болатын. Біз сол жердегі күәгерлерді жазып алдық, тыңдайық.
Мұрат Ахметов, ауыл тұрғыны:
- Оқиға салдарынан 6 баланың үшеуі қайтыс болды. Үшеуінің жағдайы әлі ауыр. Ал жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамады. Медициналық сараптама оның жол апаты кезінде масаң күйде болмағанын көрсетті. Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.