Талғат Мұсабаев 74 жасында дүние салды .
Ол 1951 жылы Алматы облысының Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында туған. Халық қаһарманы, техника ғылымдарының докторы, авиация генерал-лейтенанты. Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттiгінің төрағасы және ҚР Парламенті Сенат депутаты болды.
Ол 1994 жылы алғаш ғарышқа ұшып, 126 күнін аспан кеңістігінде өткізген.1998 жылы екінші сапарында 208 күн болды. Гиннестің рекордтар кітабында бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққаны жазылған. Ол қазақтан шыққан екінші ғарышкер. Әлемнің 309-шы ғарышкері. Ол қазақ елінің жадында аспан әлеміне саяхаттаған, ғарышта бір емес, үш мәрте ғылыми зерттеу жүргізіп, ұлттың рухын асқақтатқан азамат ретінде мәңгі сақталары сөзсіз. Арда азаматтың қазасына байланысты телеарна ұжымы да оның отбасы мен жақын туыстарына қайғырып көңіл айтады.