Оңтүстік кореялық Kia компаниясы Ресейде 80 мыңға жуық көлігін кері қайтарады.
Шешім техникалық ақауға байланысты қабылданған. Мәселе Sportage көлігіне қатысты болып отыр. Оның электр жүйесіне жауапты құрылғы дұрыс жұмыс істемейтіні анықталды. Тоқ күшін реттейтін бөлшектегі ақаудан электр жүйесі қызып кетеді екен. Бірақ осы уақытқа дейін онымен байланысты жол-көлік оқиғалары тіркелмеген. Компания көлік иелеріне темір тұлпарларын тексерту үшін бірлестіктің ресми қызмет көрсету орталықтарына хабарласуды ұсынады. Жөндеу жұмыстары тегін жүргізілмек.