Алаяқтардың арбауына түскендердің бірі – Ақмола облысының тұрғыны. Ол 9 млн теңгеге несие рәсімдеп, алаяқтарға аударған, деп хабарлайды 24kz.
Азаматқа шетелдік нөмірден хабарласқан әлдебіреу өзін «Халыққа қызмет көрсету орталығының маманымын» деп таныстырады. Сөйтіп, оның атына бөлімшеге бір құжат келгенін хабарлайды. Оны алу үшін азаматқа телефонына келген SMS-кодты айту керектігін айтып, тұзақ құрады. Рәсімделген несиелердің күшін жою үшін сегіз түрлі банктің қосымшасын жүктетеді. Ізінше құқық қорғаушының формасын киген тағы бір адам бейнеқоңыраумен байланысқа шығып, қауіпті растайды. Осылайша, нұсқаулық бойынша әрекет етуге көндіреді. Нәтижесінде зардап шеккен адам бірнеше банктен несие рәсімдейді. Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.