Түркияның батысындағы Измир провинциясында ормандағы алапат өрттен 2 адам құрбан болды, деп хабарлайды 24kz.
«Анадолыға» сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Өдемиш ауданындағы жалынмен күресу кезінде экскаватор операторы Ибрагим Демир есімді азамат көз жұмған. Бұған дейін жалғыз өзі төсек тартып жатқан 81 жастағы қарияның үй отқа оранып, опат болған еді. Желіде «От балалары» атты белгісіз топ Түркияның 6 қаласында қасақана от қойды» деген ақпарат тарап жатыр.
«Бұл топтың Түркия, АҚШ және Еуроодақ лаңкестік ұйым деп таныған «Күрдістан жұмысшы партиясымен» байланысы бар», — дейді. Түркияда өрт 7 күн бұрын тұтанған. Қазіргі сәтке дейін 200 үй зақымданып, 50 мың тұрғын қауіпсіз жаққа көшірілді.