Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиында ішкі және сыртқы көші-қон саласындағы негізгі үрдістер қарастырылды. Мемлекет басшысы көші-қон саясатын іске асыруда геосаяси факторлар мен сын-қатерлерді, демографиялық болжамдарды және халықтың көшу себептерін есепке алудың маңызына тоқталды. Сондай-ақ заңсыз көші-қонды болдырмау бойынша бақылауды қамтамасыз етіп, елдің адами капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды. Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берілді. Соның ішінде мемлекеттік органдардың функционалдық міндеттеріне сараптама жасап, қайта қарау және көші-қон саласындағы барлық ақпараттық жүйені интеграциялау ісін күшейту міндеті жүктелді.