Бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды. 47 жастағы азамат биыл сәуір айында осы жоғары лауазымынан босатылған соң, сол министрлікке қарасты «Еңбек ресурстарын дамыту орталығына » басшы болып барған еді. Құқық қорғау органдары Сарбасовтың ісі бойынша әзірге ешқандай ақпарат берген жоқ.
Ал Еңбек және халықты қорғау министрлігі экс-шенеуніктің ұсталғанын растады.
Ернұр Медет