Қытайдың оңтүстігі мен оңтүстік-батыс бөлігі топан судың астында қалды, деп хабарлайды 24kz.
Аймақта бірнеше күннен бері селдетіп құйған жаңбырдан, өзендер тасып, 300-ге жуық қойма лық толған. Су бөгеттерді бұзып кетпес үшін көп мөлшерде ағызып, жіберіліп жатыр. Салдарынан 100 мыңнан астам тұрғын зардап шегіп, 6 адам көз жұмды. Мыңдаған тұрғын үй зақымданды. Көптеген көлікті су ағызып, ауыл шаруашылығы алқаптары жарамсыз болып қалды. Ауызсу, байланыс, жарық үзілген. Бірнеше аймақта төтенше жағдай жарияланды. Апат аудандарынан халық жаппай көшіріліп жатыр. Таулы өңірлерде лай көшкіні жиілеп, жолдар жабылды. Сямынь-Чэнду бағытындағы магистральда көпір құлап, бірнеше көлік сел астында қалды.
Хуань Цзыран, жергілікті кәсіпкер:
- Судың ағысы өте қатты. Біздің ауыл биік жерде орналасқан. Соған қарамастан тасыған су бізге де жетті. Біраз тауардан айырылдық. Таңсәріде келсем дүкеннің іші суға толған. Тауардың бәрі су бетінде қалқып жүр.