«Үлкен жетілік» елдерінің басшылары Канадаға жиналды. Ұлыбритания, Италия, Жапония, АҚШ президенттері Кананаскис таулы шипажайға ат басын тіреген. Осы арада бүгін «Үлкен жетіліктің» 51-ші саммиті басталады.
Олар Таяу Шығыс пен Украинадағы қарулы қақтығыс, АҚШ тарифтері және Ресей мұнайының бағасын төмендету сияқты ғаламдық мәселелерді ортаға салмақ. Жиынға Еурокомиссия басшысы, Мексика мен Украина президенттері, сондай-ақ Үндістан премьер-министрі арнайы шақырылған. Саммит 2 күнге созылып, ертең аяқталуға тиіс.