Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Air India әуе компаниясына тиесілі Ахмедабад-Лондон бағытындағы Boeing 787 Dreamliner ұшағы жерден көкке көтеріле алмай, бірер секунд ішінде жерге құлаған. Әлеуметтік желілерде тараған бейнематериалға қарасақ, оқиға орнында қою қара түтін басқанын анық байқауға болады.
Reuters ақпарат агенттігінің мәлімдеуіне қарағанда ұшақта 242 адам болған. Оның екеуі ұшқыш, 10-ы бортсерік. Әзірге адам шығыны туралы ақпарат жоқ. Жарақат алғандар бар.