Қарағандыда қараусыз қалған 3 жасар бала 3-қабаттан құлап кеткен. Бірден ауруханаға жеткізілген бүлдіршін алған жарақатының ауырлығына байланысты қаза тапты. Жыл басынан бері өңірде 13 бала терезеден құлап, үшеуі мерт болған. Жазатайым оқиғалардың көбеюіне байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі балаларды қараусыз қалдырмай, терезелерге құлып орнату қажеттігін және москитті торларды қоймауды ескертеді.
Жандос Бақытұлы