Бұл туралы консорциумның баспасөз қызметі хабарлады.


Каспий құбыр консорциумы құрлықтан теңіздегі танкерлерге мұнай айдайтын екі құрылғыны ауыстыруға дайындалып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Консорциумның бас директоры Николай Горбань теңіз терминалына барып, оның жұмысын тексерді.

"Қазір Новороссийскіде 2001 жылдан бері пайдаланып келе жатқан мұнай айдайтын екі құрылғыны ауыстыруға дайындық жүріп жатыр", – делінген КҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Горбань дрондар шабуылынан зардап шеккен екінші құрылғыны демонтаждау жұмысын тексерген. Бұған қоса, ол жаңа құрылғыларды орнатуға қажетті іс-шараларды пысықтаған. Бас директор Теңіз терминалын қорғау құрылғыларының жағдайына ерекше көңіл бөлгені айтылды.

Айта кетейік, былтыр Новороссийскідегі теңіз терминалы арқылы 70,52 млн тонна мұнай айдаған.