Бүгін Бас прокуратура мен «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығы (ҚШИКҚ) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюдың салтанатты рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.


Құжатқа Бас Прокурор Берік Асылов пен ҚШИКҚ Басқарма төрағасы Ерлан Досымбеков қол қойды. Іс-шараға Бас прокуратураның, Сыртқы істер министрлігінің, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның басшылығы, сондай-ақ ҚШИКҚ Басқармасы мен Атқарушы комитетінің мүшелері қатысты. Берік Асылов өз сөзінде инвестиция тарту ұлттық маңызы бар мәселе екенін атап өтіп, прокуратура органдары «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде құқық бұзушылықтарға әрекет етуден бизнестегі проблемалардың жүйелі алдын алуға көшуді қамтамасыз етіп отырғанын айтты.

SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады

Соңғы үш жылда кәсіпкерлерге қатысты тіркелген қылмыстық істер саны 4 есеге, 71,5%-ға қысқарған.

в

Қазір прокуратура органдары жалпы сомасы 100 трлн теңгені құрайтын шамамен 3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеп жатыр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 250-ден астам жоба іске қосылып, 30 мың жұмыс орны құрылған.

«Меморандумға қол қою халықаралық бизнес-қоғамдастықпен ынтымақтастығымызды сапалы жаңа деңгейге шығарады. Прокуратура мен Қауымдастық арасында тұрақты тікелей байланыс арнасы қамтамасыз етіліп, әкімшілік кедергілерді жедел жоюға мүмкіндік береді», деді Бас Прокурор.

ҚШИКҚ Басқарма төрағасы Ерлан Досымбеков ашық диалогқа дайындық үшін алғыс білдіріп, жаңа институционалдық қорғау тетіктерінің маңыздылығын атап өтті.

Бас прокуратура азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырды

«Біз Бас Прокурорға Инвестициялық омбудсмен функцияларының берілуін және профильдік комитеттің құрылуын жоғары бағалаймыз. Бұл – құқықтарды қорғау кепілдіктерін нығайтуға және халықаралық бизнестің сенімін арттыруға бағытталған дер кезінде қабылданған жүйелі қадам», деді Ерлан Досымбеков.

пп

Тараптар Меморандум әлемдік қоғамдастыққа Қазақстанның сенімді юрисдикцияны қамтамасыз ететіні, озық халықаралық тәжірибелерді енгізетіні және инвесторлар үшін тұрақтылықты кепілдендіретіні туралы айқын белгі болатынына сенім білдірді.

Салтанатты рәсім Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетінің, СІМ Инвестициялар комитетінің және «KAZAKH INVEST» қызметінің таныстырылымдарымен, сондай-ақ қатысушылар арасында пікір алмасумен аяқталды.