Алаяқтық жасаған күдікті Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның Бас прокуратурасы бірнеше рет алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын Ресейден экстрадициялады.
Күдікті 2023 жылы интернетте шетелдік көліктерді сату туралы жалған жарнама жариялау арқылы жеті азаматтың ақшасын ұрлағаны анықталған.
"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Ол 2025 жылы шілдеде Белгород облысында ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды", — деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз