Соңғы уақытта дінге бет бұрған, бұрынғы Кешью тобының солисті Айдана Меденова қайта ән айта бастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ұзақ үзілістен кейін көпшіліктің сағынған дауысы қайта жаңғыра ма? Әлеуметтік желіде Айдана Меденованың сахнаға оралуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған сәттен-ақ тыңдармандар қуанышын жасыра алмады.

"Осы әнге бейнебаянды ұйықтамай 26 сағат түсіргеніміз есімде. Сол 26 сағатта 8 рет образ ауыстырдық. Ал түсірілім біткен соң -
үйге емес, бірден бургер жеуге кеткенбіз", деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары “Дауысы тәтті еді, қайта естігіміз келеді”, “Қазақ эстрадасына жетіспей жүрген үн қайтып келетін болды” деп жазып жатыр. Кейбірі тіпті оның жаңа стилі мен жаңа әндерін асыға күтіп отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айдана Меденова (@aidanamedenova_officialpage)