Қарағанды облысында инкассатор көлігі жол апатына ұшырады. Салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты 2 желтоқсанда сағат 16:40-та Қарқаралы -Қарағайлы тасжолында болған. Алдын ала деректер бойынша Camry жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, Lada Largus көлігімен соқтығысқан. Осыдан кейін инкассатор көлігі өртеніп кеткен. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

"Lada Largus көлігінің 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. 36 жастағы жолаушы және Camry көлігінің 41 жастағы жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді", — деді полиция.

Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Camry жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", — деді ведомство өкілі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget