Елімізде күн сайын 76 ата-ана өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова балалар арасындағы құқықбұзушылықтарға қатысты көшпелі өңірлік кеңес отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Жиында сөз алған министр министр балалардың тәрбиесіне қатысты ата-аналардың жауапкершілігін күшейту қажеттілігіне де басымдық берді.
«Ресми статистикаға сүйенсек, күн сайын 76 ата-ана өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады, ал 395 ата-ана балалардың түнде үйде болуын қадағаламайды. Бұл көрсеткіштер баланың ата-ана назарынан тыс қалғаны туралы нақты дабыл. Ата-аналармен жұмыс ерекше назар аударуды қажет етеді. Мониторинг ата-аналардың педагогикалық қолдау орталықтарының қызметіне қатысу белсенділігінің төмендігін көрсетті», деді Ж.Сүлейменова.