Мемлекет басшысы Қызылордадағы шығармашылық-инновациялық академия қызметімен танысты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев балалар мен жасөспірімдерге арналған "Сыр жұлдыздары" шығармашылық-инновациялық академиясына барды. Бұл нысан биыл мамырда пайдалануға берілген.
Мемлекет басшысына академия қызметі өңір жастарының зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталғаны жөнінде баяндалды.
Кешенде бассейн, спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары, шығармашылық студиялар мен зертханалар бар.
Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, Қызылорда облысында қосымша білім беру жүйесін дамыту аясында 2022 жылдан бастап Жаңақорған, Жалағаш және Шиелі аудандарында оқушылар үйі мен шығармашылық мектептері бой көтерген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз