Полицейлер мектептерде жарылғыш зат қойылды деген екі жалған хабарды әшкереледі. Екі оқиға да бір күнде болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Петропавлдағы жағдай

Бірінші жағдай Петропавлда тіркелген. 112 нөміріне орта мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері және жарылғыш заттарды залалсыздандыру мамандары жіберілген. Тексеріс барысында күмәнді заттар табылмаған.

"Жедел іздестіру нәтижесінде күдікті ретінде тоғызыншы сынып оқушысы ұсталды. Ол психиатриялық есепте тұрады", — деді ІІМ өкілі.

Алматы облысындағы жағдай

Алматы облысы Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне де осындай хабарлама түскен. Белгісіз адам Қаскелең қаласындағы орта мектептердің біріне бомба қойылғанын айтқан. Десе де ешқандай жарылғыш зат анықталған жоқ.

Көп ұзамай тәртіп сақшылары жалған хабар таратқан адамды анықтады. Ол 16 жастағы жасөспірім болып шықты.

"Бұл деректер бойынша қылмыстық істер қозғалды", — деді ІІМ өкілі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget