Жалған ақапарат таратқаны үшін Қазақстанның екі бірдей кодексінде жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық кодексте 274-ші бап бойынша жалған ақапаратты таратқаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін. Ал Әкімшілік кодекстің 456-2 бабы бойынша айыппұл тағайындалады .

Шұғыла Тұрлыбек, ҚР ІІМ баспасөз хатшысы:

- Қылмыстық кодекстің 274-ші бабы бойынша 2025 жылдың 8 айында 1 адам жауапкершілікке тартылған. Ал өткен жылы 4 адам жауапкершілікке тартылған. Әкімшілік кодекстегі 456-2 бап бойынша, биыл 51 адам жауапқа тартылған. Оның ішінде 48 адамға жалпы сомасы 3 млн теңгеге жуық айыппұл салынған және 3 адам әкімшілік қамауға алынған.