Израиль әскері Газа секторына жаппай шабуыл бастады. Бұл туралы Axios порталы хабарлады. Операцияның мақсаты ХАМАС қозғалысын толық жою. Әскери соққылар оңтүстіктен солтүстікке дейінгі бүкіл аймақты қамтыды .
Алғашқы жарты сағатта шамамен 40 жарылыс тіркелді. Танктер қаланың орталығына басып кірген. Бұған дейін Израиль билігі бейбіт тұрғындарды Газаның оңтүстігіндегі гуманитарлық аймақтарға көшуге шақырған еді. Кей дерекке қарағанда, қазірдің өзінде шамамен 300 мың палестиналық қаладан шығып кеткен.