АҚШ Беларусьтің «Белавиа» әуе компаниясын санкциядан босатады , деп хабарлайды 24kz.

Бұл жөнінде Беларусь президенті Александр Лукашенко мен Трамптың арнайы өкілі Джон Коулмен кездесуінде мәлім болды. Тараптар арасындағы келіссөз шамамен бес сағатқа созылды. Шешім Трамптың тікелей тапсырмасымен қабылданған. Аталған шектеу 2023 жылы күшіне енген болатын. Сонымен қатар келіссөз нәтижесінде Беларусь тарапынан 52 саяси тұтқын босатылғаны хабарланды.