Әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай бокс жанкүйерлеріне үндеу жасады .
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ұлыбританияның Ливерпуль қаласындағы әлем чемпионатында өнер көрсететін Назым Қызайбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
«Баршаңызға сәлем! Жаттығумыз жалғасып жатыр, жарыс басталғалы бүгін 4 ші күн. Ұл-қыздарымыз жұдырықтасып жатыр, әзірге жаман емес деп ойлаймын. Әлем чемпионаттарында осал қарсыластар болмайды. Әр спортшы барын салып, аянбайды. Тек қолдау көрсетіп, дұғада болыңыздар! Әйтпесе білесіздер, үйінде отырып сынайтындар онсыз да жетеді», — деп жазды ол.
Еске сала кетейік, Ливерпуль қаласында 4-14 қыркүйек аралығында бокстан жылдың басты бәсекесі, ересектер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Бұған дейін 8 қыркүйекте ел намысын қорғайтын боксшыларымз туралы жазған едік.