Қазақ боксының мақтанышы, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайдың жаңа көлігі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның темір тұлпарын ұлттық құраманың тағы бір мүшесі – әлем чемпионы Алуа Балқыбекова өз парақшасында көрсетті.

Жаңартылған автокөлік арнайы бронепленкамен қапталған.

Балқыбекованың айтуынша, темір тұлпардың түсі ерекше: хаки мен күлгіннің үйлесімі. Ең қызығы – көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі де ерекше: 001NAZ, бұл Қызайбайдың спорттағы мәртебесін көрсетеді.

«Вааай. Қараңыздаршы мына көлікке. Назым бронепленка жасатыпты. Керемет! Менің сүйікті түсім – хаки мен күлгіннің қосындысы. Құтты болсын!»,- деп пікір білдірді Балқыбекова.