Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews .kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Ұлттық банкте бүгінде айналымда жаңа үлгідегі 1 000, 2 0

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық банкте бүгінде айналымда жаңа үлгідегі 1 000, 2 000 және 10 000 теңгелік банкноттар бар екені айтылды. Ескі купюралар үшін параллельді айналымның аяқталу мерзімдері төмендегідей белгіленді:

  • 2 000 теңгелік банкноттар үшін – 2026 жылдың 24 маусымына дейін;
  • 10 000 теңгелік банкноттар үшін – 2026 жылдың 27 маусымына дейін;
  • 1 000 теңгелік банкноттар үшін – 2027 жылдың 27 наурызына дейін.

Бұдан бөлек, Ұлттық банк 2025 жылдың 24 қыркүйегінен бастап 2011 жылғы үлгідегі 5 000 теңгелік банкноттардың айналымы тоқтатылатынын еске салды.

«Параллельді айналым кезеңі аяқталғаннан кейін, яғни 2025 жылдың 25 қыркүйегінен бастап, барлық банктер мен «Қазпошта» ескі үлгідегі банкноттарды жаңа үлгідегілеріне 3 жыл бойы айырбастайды, ал Ұлттық банктің филиалдары – мерзімсіз», – деп нақтылады Ұлттық банк.