АҚШ-тың Чикаго қаласында Трампқа қарсы ірі наразылық акциясы өтті.
Қалың жұртшылық ел президентінің қылмыспен күрес, көші-қон саясаты және әлеуметтік бағдарламаларды қысқарту жоспарына қарсы. Тұрғындар бұл саясат азаматтық еркіндікті шектеумен тең деп алаңдап отыр. Қала мэрі полиция және Ұлттық гвардиямен бірлесіп жұмыс істейтінін айтқан. Еске сала кетейік, бұған дейін Трамп жергілікті билік тәртіп орнатпаса, қалаға федералды бақылау енгізетінін хабарлаған еді.