Саяси маусым басталып, бүгін Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысы өтті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .

Журналистерге демалыстан оралған депутаттармен тілдесудің сәті де түскен. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпидің айтуынша, бірнеше өңірді аралаған.

"Соншалықты бір қиналған халықты көрмедім. Әрине, қымбатшылық туралы әңгіме бар. Бірақ Шығыста болдым, Семейде болдым, Алматы облысында болдым. Біраз жерде болдым. Қатты бір қиыншылыққа тап болған халық бар дегенді көрген жоқпын. Жекелеген отбасылар бар екен. Қыркүйекке балаларына киім ала алмай отырған. Оларға көмек көрсету жөнінде азды-көпті әрекеттер жасадық", — деді депутат.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Желі қолданушылары депутаттың бұл мәлімдемесіне жаппай пікір жазған:

"Қайдан көресіз? Ел ішінде жүрмесеңіз, бұқара сырын білмесеңіз. Сәл мойын созсаңыз, сынық, жамау, жыртық жұрт....", "Жұрттан қалмайық деп тыраштанып, кредит алып, қарызға батып, жыртығын жамап жүргендерді көрмепті", "Мына депутат халықтың арасында көп жүрмейтіні көрініп тұр".

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget