Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Целиноград ауданындағы Аққайың ауылында ақ түйенің қарны жарылған оқиға орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

233 үйге көгілдір отын қосылды. Жалпы ұзындығы 62,8 шақырым газ құбырының 7,4 шақырымы орташа қысымдылықта болса, 55,4 шақырымы төмен қысымда. Елеулі оқиға орын алған кезде елдегі қуаныш еселене түсті. Балалардың спорт және ойын алаңы пайдалануға берілді.

Аққайың Целиноград ауданындағы орталықтандырылған газбен қамтамасыз етілген үшінші елді мекен. Ағымдағы жылы тағы алты ауыл газдандырылмақ. 432 шақырым газ құбыры іске қосылады. Бұл жай 35 мың адамды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақмола облысы,

Целиноград ауданы.