Жамбыл облысы Қаратау қаласында отбасын қолдау орталығы ашылды , деп хабарлайды 24kz.

Мұнда өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға жан-жақты көмек көрсетіледі. Орталықта психологиялық және әлеуметтік қызмет көрсету бөлмесі, асхана, 7 адамға арналған жатын бөлмелері бар. Барлығы талапқа сай, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Орталық мамандары отбасы институтын қолдау мақсатында құқықтық, психологиялық және әлеуметтік кеңес береді. Одан бөлек, педагогикалық, ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсетеді.

Кендия Пірман, Отбасын қолдау орталығының директоры:

- Отбасын қолдау орталығы 9 позициямен жұмыс істейді. Оның ішінде көпбалалы аналар. Олардың АСП ны дұрыс алу алмауы. Жағдайы жоқ, қиын жағдайға түскен отбасы, пробация мысалы. Сотталып келген кісілер жұмысқа орналаса алмай жүрсе, орналастыру керек. Болмаса, оның анасына әйеліне, баласына көмектесу. Отбасы дегеннен кейін барлық отбасыға Талас ауданында қанша отбасы бар, қайсысының жағдайы төмен, соның бәріне көмектесуге әзірміз.