Испанияның Галисия өңірінде тұрғындар үкіметтің «орман өртіне» қарсы әрекетіне наразылық білдіріп, шеруге шықты. Демонстранттар қолдарына «орман өрті ешқашан қайталанбасын» деген плакаттар ұстап, биліктегі «халық партиясын » тілсіз жауды сөндіруге бар жағдайды жасамағаны үшін сынға алды. Шеруге елдің Еңбек министрі Йоланда Диас та қатысқан. Ол өрттің алдын-алу саясатын жүргізуге шақырды. «Рейтердің» мәліметінше, биыл Испанияда өрт шарпыған аумақ 400 мың гектардан асты. Елдің бірқатар өңірінде лапылдаған жалынды тоқтату мүмкін болмай жатыр.
Арай Төлегенқызы