Үржардан Астанаға санавиациямен жеткізілген балалардың жағдайы жақсарып келеді. Бұл туралы қалалық №2 көпсалалы балалар ауруханасы хабарлады. 6 жастағы ұл бала кеше бейінді бөлімге ауыстырылған еді. Қасында анасы бар. Ал 9 жастағы қыз бала әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Оларға барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде. Емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Абай облысы Үржар аудандық ауруханасында жатқан қыздың да жағдайын мамандар әлі де тұрақты ауыр деп бағалап отыр.
Ернұр Медет