Оқыс оқиға – самокат мінген жас жігіт бағдаршамның жасыл түсінен өтіп бара жатқанда болған, деп жазады Egemen.kz.
Желіде оқиғаның бейнежазбасы тараған.
«Халифа бен Заид Әл-Нахаян көшесімен келе жатқан «Hyundai» маркалы автокөлік жүргізушісі Е308 көшесімен қиылысында оңға бұрылған кезде, қозғалыс бағыты бойынша оңнан солға қарай белгіленген жерден жолды кесіп өткен электросамокат жүргізушісін қағып кеткен», деп мәлім қылды қалалық полиция.
Зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілген.
Полицейлер мән-жайды анықтап жатыр.