Петропавлда «Мағжан орталығы» ашылды. Салтанатты жиынға Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев қатысты. Нысанда Қазақстан, Ресей, Өзбекстан мұрағаттарынан табылған бірегей тарихи құжаттар жинақталған. Олардың қатарында Мағжан Жұмабаевтың қолжазбасы, жеке заттары бар. Алғашқы мәдени-ағарту орталығы ақын мұрасын зерттеумен айналысады. Сонымен қатар Петропавлда 2007 жылдан жарық көріп келе жатқан «Мағжан» журналы да осында жұмысын жалғастырмақ. Орталық тарих және сәулет өнерінің ескерткіші деп танылған көне ғимаратта орналасқан. Мамандар оның алғашқы қалпын сақтай отырып, реставрациядан өткізді.

Сәуле Мәлікова, СҚО мемлекеттік архив директоры:

Бұл ғимарат XIX ғасырдың 2 жартысында өмір сүрген көпес Янгуразовтың үйі. Бұл жерде мешіт бар. Архивтегі құжатарды зерделеу кезінде анықтағанымыздай, Мағжанның әкесі Бекен жамағаттың тізімінде тұр.

Эльмира Кәленова