Танымал әнші Димаш Құдайберген ұзатылған қарындасы Раушанға арнап ән шығарды , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Жол мұраты — жету, қыз мұраты — кету" дейді қазақ халқы. Оны ұғынсақ та, бауыр етінен жұлып алғандай етіп қарындасты өзге жұртқа аттандыру кімге болса да оңай емес екен?! Дегенмен теңін тауып, ата-анасының, туған-туыстарының ризашылығымен кетіп бара жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Қолымыздан ұшып бара жатқан қызымыздың қонған жері құтты болсын! Барған еліне тастай батып, судай сіңсін! Құдай қосқан жарына бақ болып қонсын, қосағымен қоса ағарсын!" – деп жазды Димаш.

Өнер иесі інісі Мансұрмен бірге қарындасы Раушанға арнап "Қарлығашым, ұя салғанда…" атты жаңа ән жазған.

"Раушантайыма Мансұр ініммен бірге, "Қарлығашым ұя салғанда…" атты әнімді ақжүрек тілегіміз ретінде қабыл алғайсың! Жүректегі сағыныш пен қимастықты осы әннің өн бойынан көрсеткіміз келді. Бақытты бол, қарлығашым менің!" — деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget