Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевқа арналған «Сапарбаев тұлғасы» атты кітап жарық көрді. Туындыда сақа саясаткердің өмірі мен қызмет жолы қамтылған. Ғұмырының 40 жылын ел өркендеуіне арнаған азамат еліміздегі 5 өңірді басқарған жалғыз әкім. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе мен Жамбыл облысының тізгінін ұстады. Күрделі әрі қиын кезеңдерде дұрыс шешім қабылдай білген басшы халық арасында «Дағдарыс менеджері» ретінде де танылды. Жаңа жинақта осы қатардағы қызметкерден бастап, премьер-министрдің орынбасары дәрежесіне дейін көтерілген тұлғаның өмірлік ұстанымдары жазылған. Сондай-ақ Мәшбекұлы жайлы әріптестерінің пікірі, әртүрлі естеліктері де бар. Кітапты құрастырған – Ұлан Айхожаев және Абай Сейфуллаұлы.

Ұлан Айхожаев, кітап авторы:

Бір жыл бұрын жаза бастадық. Бұл енді көркем әдеби шығарма емес, мемлекеттік қызметкердің өмір жолын үшінші тұлға ретінде баяндау. Сол 5 облысты басқарған істерін біз сұхбат ретінде салып отырдық.

Ернұр Медет