Журналист Тоқтар Жақаш "басшыдан қорлық көрдім" деген Наркенже Серікбаева туралы пікір білдірді.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Наркенжені де, Ғалымжанды да мұқият тыңдадым. Наркенженің бір сөзіне дәлел (аудио-фото-видео) жоқ. Әлдекімдердің қот-қоттауымен айтылған әйелдерский эмоционалды әңгіме. Әдемі қыз-қырқынға көз тігетін еркек жоқ емес. Ол табиғаттың заңы. Бірақ “махаббат құрғысы” кеп, өліп бара жатқан еркек 40-тан асқан сақа қатынға сөз салады дегенге өлсем де сенбеймін!

Егер, Ғалымжан сотқа берсе, Наркенже реально жауапқа тартылады. Бірақ Ғалымжан сотқа жазған талап-тілегінен бас тартады деп ойлаймын.

Ең бастысы — дәл қазір екі жақ қана емес, қызмет мәселесін шешетін басшылар да эмоцияны суық ақылға жеңдіруі керек», — деп жазды журналист.