Екі қала тұрғынына кітап дүкенінің сертификаттары табысталды, деп хабарлайды 24kz.

Акцияның мақсаты – отандық көркем әдебиеттегі ең танымал жүз кітапты анықтау. Әр адам eGovMobile қосымшасы арқылы өзіне ұнаған бірнеше шығарманы ұсына алады. Сауалнама 23 шілдеге дейін жалғасады. Ал қорытынды тізім 10 тамыз – Абай күнінде жарияланады. Ұйымдастырушылар сауалнамаға қатысқан әр мыңыншы адамға естелік сыйлық табыстап келеді. Қазіргі таңда 20 мыңға жуық азамат сүйікті шығармаларын ұсынған. Оған азаматтардың әдеби талғамы мен мәдени бағдарын бейнелейтін таңдаулы 100 кітап енеді. Бұл жоба елдің зияткерлік әлеуеті мен оқырманның талғамын қалыптастыратын ұлттық болмысымызды айшықтайтын ізгі бастама болмақ.

Раиса Қадыр, баспа директоры:

- Қазақ халқы бұрыннан да ауыз әдебиеті болсын, өнер болсын өте өзінің идентикасының бір бөлшегі болған дегенді көрсетіп отыр. Сондықтан да әдебиетке деген көзқарас ешқашан өзгермейді. Мемлекет тарапынан да өте көп қолдау көрсетіліп жатыр. Сондықтан бұл да әдебиетке деген мемлекетіміздің үлкен қолдауларының бірі.

Аслан Тілеген, баспа өкілі:

- Қосымшада 4 кітаптың орны ғана көрсетілген, көпшілік сол 4 кітап пен ғана шектеліп жатыр екен. Негізінде ол жерде 10-ға дейін белгілеуге болады. Өзіңіздің жақсы көретін 100 кітаптың тізімінде болса деген 10 кітапты eGovMobile қосымшасына тіркеуге болады.