Өткен түні Израиль Иранға әуеден соққы берді. Тель-Авив Ислам Республикасының ядролық нысандарын көздегенін айтып, еврей мемлекеті аумағында төтенше жағдай жариялаған. Себебі, Иран кек алу үшін Израильді жауапсыз қалдырмайтынын ескертіп отыр.
Иран ақпарат құралдарының хабарлауынша, Израильдің шабуылдарынан Тегеранда ғимараттар қирап, бейбіт тұрғындар мен балалар қаза тапқан. Сонымен қатар, мерт болғандардың ішінде Ислам революциясының сақшылар корпусының қолбасшысы Хоссейн Салам да бар. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұл операцияға Вашингтонның қатыспағанын мәлімдеді.
Арыстан Рысбек