Елімізде 25 наурыздан бері 12 млннан астам телефон тіркеуден өткізілген. Жалпы, Қазақстанда жылына орташа есеппен 4 млн шамасында телефон сатылады екен. Былтыр елге заңсыз әкелінген мобильді құрылғылардың салдарынан бюджетке 150 млрдтан теңгеден аса салық түспей, мемлекет шығын көрді. Енді, мұндай көлеңкелі сауда сап тыйылуы тиіс. Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл 25 наурыздан бастап, елімізде ұялы телефондарды тіркеу, яғни сәйкестендіру міндеттелді.
Азамат Серіктаев, ҚР ЦДИАӨМ телекоммуникациялар комитеті тіркелген байланыс жобаларын дамыту және мониторингілеу басқармасының басшысы:
Елімізге кіргізілген әрбір құрылғыға 30 күндік мерзім беріледі. Осы 30 күн ішінде адам өз телефонын сәйкестендіру процесінен өтпесе, бұл телефондар 30 күннен кейін еліміздің отандық операторлардың қызметтерін қолдана алмайтын болады.
Азамат Бейбітұлы