Қазіргі уақытта жоғалған азаматты іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.


Алматыда 25 жастағы Ерзат Егізбайды іздестіру жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еріктілердің мәліметінше, ол 19 мамыр күні шамамен сағат 14:30-да Алматы қаласының Жетісу ауданындағы Райымбек көшесінде, 147Б үй маңындағы құрылыс нысанындағы жұмыс орнынан шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Жоғалған азаматтың белгілері: бойы 165-170 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қысқа әрі қара түсті. Жоғалған күні үстінде қара кепка, қоңыр жилет, қоңыр кофта, қара шалбар және қара кроссовка болған.

Еріктілер Ерзаттың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды іздеу парақшасында көрсетілген байланыс нөмірлеріне немесе 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласуға шақырды.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жоғалу фактісі бойынша іздестіру ісі қозғалды. Қазіргі уақытта жоғалған азаматтың жүрген жерін анықтап, үйіне аман-есен қайтаруға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.