Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады. Кездесуде холдингтің биылғы атқарған жұмысы мен экономиканы дамытудың стратегиялық басымдықтары талқыланды.
Биыл холдинг ел экономикасына жалпы сомасы 9 триллион теңге қолдау көрсетті. Бұл қаражат негізінен кәсіпкерлікті қолдауға, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға және халықты тұрғын үймен қамтуға бағытталған. Жыл басынан бері республика бойынша 25 мыңға жуық жоба қаржыландырылды. Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев холдингке стратегиялық жобаларды іске асыруды және елге ұзақ мерзімді капитал тартуды тапсырды.
Рустам Қарағойшин, «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасы:
- «Даму» қоры базасында құрылған кепілдік қорларының қызмет нәтижелерін таныстырдым. Инвестициялық холдингтің жұмыс моделі туралы мәлімдеді. Бұл «Инвестицияға тапсырыс» қалыптастыру, ірі стратегиялық жобаларды сүйемелдеу, сондай-ақ тікелей шетелдік инвестицияларды тарту тетіктерін дамытуды қарастырады. Қазір жалпы құны 87 триллион теңгеге жуық, 1,5 мың инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталды.