Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кезекті кеңесте мұнай өнімдері нарығындағы бақылау механизмдерін жақсарту нәтижелері талқыланды.
Қазір ішкі нарықта жанар-жағармай жеткілікті. Мұнай өңдеу зауыттары мен логистика жұмысы штаттық режимде жүріп жатыр. Сонымен қатар көрші елдермен жанар-жағармай бағасының айтарлықтай айырмашылығын ескере отырып, отынды елден заңсыз әкетуге жол бермеу бойынша жүйелі жұмыс жалғасады. Бұл тұрғыдан келгенде жауапты органдарға профилактикалық және бақылау іс-шараларын жоспарлы түрде жалғастыру тапсырылды.