Ақмола облысында ауыр қылмыс жасаған күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ынтымақ ауылының 14 жастағы тұрғыны пышақ жарақатынан қайтыс болды. Күдікті бір тәулікке жетпей Целиноград ауданының Родина ауылының маңында ұсталды.

"Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", — деді полиция.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget