Жыл басынан бері мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған азаматтарға 247 млрд теңгеден астам қаржы төленді. Оның ішінде 217,4 млрд теңге республикалық бюджеттен бөлінсе, 29,6 млрд теңге мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілген. 1 мамырдағы мәлімет бойынша, ерекше қажеттілігі бар болғандықтан қаржылай көмек алатындар саны 540 мыңнан асты, ал қамқоршысынан айырылғандар – 196 мыңға жуық.
Ернұр Медет