Өскеменде бүгінгі таң өнегелі іспен басталды.

Қала жастары Ертістің бойындағы амфитеатр маңайына 100 түп көшет екті. "Таза Қазақстан жалпыұлттық акциясы аясында атқарылған шараға жастар орталығы мұрындық болды. Қала тұрғындары да қарап қалмады. Мамандардың айтуынша, күзде егілген көшет, көктемге егілген желекке қарағанда тез өседі. Тек жақсы күтім жасалса болғаны. Қаладағы ең көрікті алаңқайда енді шырша, терек, шаған ағаштары көктейтін болады. Қоршаған ортаның көркін кіргізетін бұл іске елдің өнер жұлдыздары да атсалысты.

Кенжебек Жанәбілов, әнші:

- Бұл жерге біз арнайы келген жоқпыз, осы жағдайды естіп, қой қолымыздан келгенше бір шырша егіп Шығыс Қазақстанға Өскеменге келгенде сол егіп кеткен жерімізге кеп, мынаны біз еккенбіз деп мақтана айттындай сәт қалдырайық деп, көп жерлерде біз уақыт болған кезде міндетті түрде барамыз.

Бақытжан Ерболқызы қалалық жастар ресурстық орталығының директоры:

- Бұл жердегі біздің мақсат — ол тек ғана ағаш егіп кету емес, сонымен қатар Өскемен қаласының көгалдануына, одан сайын жасыл қала болуына, үлесімізді қосқымыз келеді.