Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапары аясында Алматыда Kaspi.kz платформасындағы Magnum онлайн-супермаркетінің логистикалық орталығы мысалында цифрлық сауда саласындағы жаңа инфрақұрылымның дамуымен танысты.
E-commerce-тің шағын және орта бизнесті дамытудағы және жаңа жұмыс орындарын құрудағы рөлі ерекше назарда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Kaspi.kz инновациялық қазақстандық компаниясының басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе тек 2025 жылы ғана Kaspi.kz-тегі Magnum онлайн-супермаркетінде 800 мыңнан астам қазақстандық 5,3 миллион тапсырыс жасағанын айтты. Барлығы онлайн, жедел жеткізіледі. Онлайн-супермаркет 10 мыңнан астам тауар ұсынады. Сатылымның 50%-дан астамын қазақстандық өнімдер құрайды. Жобаға салынған инвестициялар көлемі 53 миллиард теңгеден асты. 4 500 жаңа жұмыс орны ашылды. Kaspi.kz-тегі Magnum онлайн-супермаркетінің ел бюджетіне аударған салық көлемі 5 миллиард теңгеден асты.
"Онлайн-супермаркетті біз шамамен 3–4 жыл бұрын дамыта бастадық. Бұл қызмет Kaspi.kz қосымшасына толықтай қосылған және жүз пайыз онлайн жұмыс істейді. Азық-түлікті таңдап, 3 сағат ішінде алуға, пікір қалдыруға болады. Бұл қызметті пайдаланатын әр 10 адамның 9-ы өте жақсы деп бағалайды. Біз клиенттердің пікіріне сүйене отырып, қызмет сапасын үнемі жақсартып отырамыз. Тек Алматының өзінде бұл қызметті 200 мыңға жуық отбасы пайдаланады және жақсы көреді. Біз онлайн-супермаркетіміздегі сатылымдардың жартысы Қазақстанда жасалған тауарлар құрайтынын ерекше мақтан тұтамыз", – деді Михаил Ломтадзе.
Қазіргі таңда Kaspi.kz-тегі Magnum логистикалық орталықтары Алматы, Астана және Шымкент қалаларында жұмыс істейді. Жалпы ауданы – 114 000 м2. 2025 жылы Алматы, Астана, Қарағанды және Ақтөбеде тағы төрт орталық ашу жоспарланып отыр. Михаил Ломтадзе сонымен қатар, цифрлық қызметтер көрсету үшін ең заманауи екі дата-орталыққа 14 миллиард теңге инвестиция салынғанын хабарлады. Қуаттылығы 5 МВт болатын 250 серверлік орын секундына 10 мың транзакция өңдеуге мүмкіндік береді және Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтарға онлайн-қызмет ұсынуға негіз болады.
Kaspi.kz туралы:
Kaspi.kz миссиясы – клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистерді жасау. Инновацияларының орталығында – елдегі ең танымал Kaspi.kz мобильді суперқосымшасы тұр. Оны Қазақстанда 15 миллионға жуық адам пайдаланады. Қосымшада елдегі жетекші электрондық сауда, төлем және қаржылық қызметтер шоғырланған.
Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізу қызметімен бірге тиімді онлайн сауда жасап, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаражатын басқарады, ұшақ пен пойыз билеттерін сатып алады, турлар рәсімдейді, ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.
Kaspi.kz кәсіпкерлерге арналған Kaspi Pay суперқосымшасын да әзірледі. Оны 700 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay арқылы олар бизнесті дамытуға қаржы алады, төлем қабылдайды, жарнама кампанияларын іске қосады, салық төлейді, электрондық коммерция және жеткізу платформасына қосылып, тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.
Гарвард бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын жазды. Бұл материалдар бойынша бірнеше жылдан бері магистратура студенттері білім алуда.