Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов команданың кадрлық шешімдері мен ойыншылардың жағдайы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Не істерін білмей жүрген байдың баласы»: блогер Абилованың күйеуін жанкүйерлері аямай сынап тастады
Маманның айтуынша, орталық қорғаушылар мәселесі туындағанда жедел шешім қабылдау қажет болған.
«Маған ҚПЛ-дегі барлық ойыншы туралы кең деректер базасы ұсынылды. Қазір ҚФФ жаңа жүйедегі деректер базасын кеңейтіп жатыр, онда негізгі және резервтегі тізім жасалады. Әр футболшының кандидатурасы мұқият талқыланып, дәлелденеді. Қазір бапкерлердің қолында әр ойыншының физикалық көрсеткіштері, мінез-құлқы және аналитикалық мәліметтері бар», — деді Байсуфинов.
Сонымен қатар, ол орталық қорғаушы Дінмұхаммед Қашкеннің кандидатурасы барлық параметрлер бойынша оң нәтиже көрсеткенін атап өтті.
«Қашкеннің кандидатурасы қарастырылғанда, барлық дерек оның пайдасына сөйледі», — деді бапкер.
Айта кетейік, желіде ұлттық құрамаға шақырту алған Дінмұхаммед Қашкен сынға ұшырады. Көпшілік футболшының байдың баласы екенін айтып, таныс арқылы келгенін жарыса жазып жатыр.