Бокстан Ливерпульде өткен Әлем чемпионатынан кейін қазақ жанкүйерлерінің көкейінде қалған сұраққа спорт журналисі Аслан Қаженов жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көрермен 19 жасында Әлем чемпионы атанған Төрехан Сабырханды екі дүркін жеңімпаз Санжар Тәшкенбаймен салыстырып өзара дау тудырды. Бірі ең жас әлем чемпионы — Санжар десе, енді бірі Төрехан деген пікір айтуда.

"ЕҢ ЖАС ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ! Санжар ма, Төрехан ба? Ливерпуль қаласындағы әлем чемпионатынан кейін осы сұрақ жиі қойыла бастады. Өйткені, екеуі де 19 жасында дүниежүзілік доданың алтын жүлдегері атанды. Енді қазір эмоцияға берілмей, салқынқанды есептеп шықтық. Санжар Ташкентте топ жарған кезде 19 жас 11 ай болған екен. Ал, Төреханның көрсеткіші 19 жас 7 ай. Сондықтан, ресми түрде Төреханды ең жас әлем чемпионы дей беруге болады. Соның арқасында,әлем чемпионатындағы тарихи жетістіктердің саны тағы біреуге артты. Құтты болсын!", — деп жазды журналист.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Аслан Каженов (@kazhenov.aslan)