"Қарағанды – Қарқаралы" тасжолында ірі жол апаты болды. Екі жеңіл көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жол апаты 13 қыркүйекте Шешенқара ауылына жақын жерде болған.
33 жастағы Ford Mondeo жүргізушісі Қарағанды бағытына қарай келе жатып, жүк көлігін басып озу кезінде қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол жерде ол Changan көлігімен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан Changan көлігінің 38 жастағы жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ Ford Mondeo-дағы үш жолаушы көз жұмды. Тағы екі адам түрлі жарақат алып, ауруханаға түсті.
Ford жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
"Кез келген жол ережесін бұзу орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Жылдамдықты асыру, қауіпті маневрлер мен қарсы жолаққа шығу – әрдайым өмірге қауіп", – деп түсіндірді Бұқар жырау ауданы полиция басқармасы.
Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің жағдайы ауыр.
Медициналық мекемеге бір ересек және екі бала жеткізілген.
"Балалар санавиациямен облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Барлығы жансақтау бөлімінде жатыр", – деді ведомствода.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!