Кейінгі жылдары Солтүстік Кореяда өлім жазасы көбейді. БҰҰ-ның дерегіне қарағанда бұл елде 2015 жылдан бері адам құқығы өрескел бұзылатын болған, деп хабарлайды 24kz.
Солтүстік Кореяда шетелдік БАҚ мәліметтерін немесе телехикаяларды тарату ауыр қылмыс саналады. Бұл үшін тұрғындар өлім жазасына да кесілуі мүмкін. Құжатты әзірлеуде Солтүстік Кореядан қашып шыққан адамдардың деректері пайдаланылды. Оған қарағанда, елдегі түрмелерде жағдай біршама жақсарған көрінеді. Мәселен күзетшілер тарапынан зорлық-зомбылық азайып, айыпталушының халықаралық құқығы сақтала бастаған.